Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ҚАЖД-да нәзік жанды қызметкерлерді мерекемен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.

Департамент бастығы Шәймерден Тәжіқұлұлы өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар азаматшаларды, сала ардагерлерін, облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері мен қызметкерлердің аналарын көктем мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

– Еліміздің Тәуелсіздігін тұғырлы етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына әйел қоғамының қосқан үлесі зор. Отбасының тыныштыған, береке-бірлігін сақтап қана қоймай, қоғамның әр саласында қызмет етіп, еліміздің өркендеуіне, өсуіне тікелей атсалысып жүрген аруларымыз қаншама. Солардың ішінде ішкі істер органдарында ер азаматтармен қатар ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген погондағы нәзік жандылар қаншама. Қылмыстық-атқару жүйесі саласының дамуына өз үлестерыңізді қосып, анттарыңызға адал қызмет етіп жүрсіздер. Әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт тілеймін, – деді облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы Шәймерден Есенкелдиев.

Шара барысында ҚР ІІМ-нің құзырымен, департамент бастығының бұйрығымен қызметте антына адал қызмет етіп жүрген ҚАЖ департаменті мен мекеменің бірқатар қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ департамент бастығы Шәймерден Тәжіқұлұлы ҚАЖ департаменті жедел тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қонысбекұлы Ғалымжанның анасы – Аманкүл Итемгенова мен Штаб тобының бастығы Эльвира Даутбаеваның апасы – Жанна Даутбаеваны “Офицердің анасы» медалімен марапаттады.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру