Талдықорғандық полицейлер көлік ұрлығына қатысты күдіктіні анықтады
Талдықорғандық полицейлер көлік ұрлығына қатысты күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған факт Талдықорған қаласында тіркелді. Онда жергілікті полицейлерге өзінің Mercedes-Benz автокөлігін айдап әкеткені туралы 27 жастағы әйел арызданды. Белгілі болғандай, Самал ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында шетелдік автокөлікті, орнатылған дабыл жүйесіне қарамастан, ұрлап кеткен.
Қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел қызметкерлері бір сағат ішінде, қаланың арғы шетінен автокөліктің орналасқан жерін анықтай алды. Көлік ұрлады деген күдікпен полицейлер бұрын тәртіп сақшыларының назарына ілікпеген 22 жастағы жігітті ұстады.
Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Көлік ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталғанға қатысты ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы таңдалды.