Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр

Жамбылдық полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу жұмыстары барысында ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 наурыздан бастап Жамбыл облысының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Полиция қызметкерлері саяжай алқаптарын, қараусыз қалған және құрылысы тоқтатылған нысандарды , сондай-ақ үй шатырлары және жертөле жайларын тексеруді жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ олар қоғамға жат әрекеттер мен жасөспірімдердің  қадағалаусыз қалу деректерінің жолын кесу мақсатында  базарлар мен басқа да сауда орындарын, қолайсыз отбасыларды, жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындарын, сонымен қатар азаматтық қару иелерін тексерумен қамтып жатыр.

 

Іс-шараның алғашқы күні полицейлер 1100-ге жуық құқық бұзушылық дерегін тіркеді. Ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалар да тексерулермен қамтылды. Есептегі тұлғалармен құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары жалға берілетін пәтерлерді және оларда тұратын контингентті тексеруді жүзеге асырады.
“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы басталғаннан бері тіркелген 15 қылмыстың 10-ын “ізін суытпай ашты”. Тіркеусіз тұрғаны үшін 200-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көші-қон заңнамасын бұзудың 60-тан астам дерегі анықталды.


Облыс аумағында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу  барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік басқарған 12 мас жүргізушіні анықтады. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, олардың барлығы масаң күйде болған.

Мас жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар  толтырылды.

Осы баптың санкциясы 15 тәулікке қамауға алуды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын қарастырады.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу жұмыстары барысындағы  рейдтік іс-шаралар 2023 жылғы 17 наурызға дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру