ҚАЖК басшысының орынбасары Алматы облысының колонияларына барды
ҚАЖК басшысының орынбасары Алматы облысының колонияларына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев іссапарымен Алматы облысына келді. Өңірге жұмыс сапары барысында, ол Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығымен бірлесіп, барлық ведомстволық бағынысты мекемелерге барды.
Сапар барысында облыс мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың тұрмыстық жағдайлары қаралды. Сондай-ақ әкімшілік ғимараттарды, режимдік корпустарды, медициналық бөлімді, сәлемдеме қабылдау бөлмелері мен ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерін, серуендеу аулалары мен өндірістік аймақтарды аралау жүзеге асырылды.
Сағат Мәдиев өтініштер, шағымдар беру үшін электрондық терминалдардың және жүкті сканерлеуге арналған тексеру қондырғыларының жұмысын тексеріп шықты. Мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен толық қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылды.
ҚАЖК басшысының орынбасары Алматы облысының мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жеке қабылдады.
Төрағаның бірінші орынбасары департамент басшылығы мен мекеме басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Тұтас бейнебақылау және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау жөнінде тапсырмалар берілді. Сонымен қатар жұмыс орындарын ұлғайту үшін ҚАЖ мекемелерінде кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Сағат Мәдиев қаза тапқан қызметкерлерді еске алып, №12 мекемеде орналасқан мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы мен Жетісу облысының аумағында 6 пенитенциарлық мекеме жұмыс істейді, оның 4-уі Заречный кентінде, 1-і Іле ауданында, тағы 1-і Талдықорған қаласында орналасқан.