Атырауда пробация есебіндегі 10 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды
Атырауда пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараға қатысқан 20-ға жуық кәсіпорын жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысушы пробация есебінде тұрғандар осындай шаралардың қажеттілігі мен жұмысқа орналасу кезінде маңыздылығын айтты.
Пробация қызметінің басты мақсаты – пробация тізімінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, жеке кәсібін ашамын дегендерге қолдау білдіру, психологиялық көмек көрсету, мамандық меңгеру, кәсіпкерлікті қолдау үшін несие алу, орта білім алу, құжаттандыру, медициналық көмек, құқықтық көмек көрсету.
Шараға қатысқандардың ішінде 10 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.