Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде консультативті кеңесші орган отырысы өтті
Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде консультативті кеңесші орган отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2016 жылдың 30 желтоқсанында «Пробация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданып, сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайын оңалту бойынша атқарылатын жұмыстар міндеттемесі бекітілген болатын. Осы бағытта Үржар аудандық №1 пробация қызметі өз есебіндегі сотталғандардың жұмыспен қамтылуын және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасап келеді.
28 наурыз күні Үржар аудандық әкімдігінің бастамасымен сотталғандарды әлеуметтік оңалту бойынша жергілікті атқарушы органдармен пробация қызметінің атқарған жұмыстарын қортындылау үшін аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Консультативті кеңесші орган отырысы өткізілді. Отырыс барысында аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Башимбаев сотталғандарға бөлінетін бір реттік материалдық көмек мөлшерін көбейтуді аудандық жұмыспен және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырды. Сонымен қатар сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, оларды қоғам ортасына бейімдеу басты міндет екенін атап өтті.
Сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайына баса назар аудару, бұл қоғам ортасындағы қайталама қылмыстылықтын алдын алу болып табылады. Сондықтан да пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстарын бұдан әрі атқара бермек.