Семейдегі түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған азамат анықталды
Семейдегі түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізбек болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің қызметкерлері түзеу мекемесі аумағына тыйым салынған заттардың кіруінің алдын алды. Жеке кәсіпкерліктің шебері А.Ивановты тексеру барысында реставрация жасау үшін кіргізілген есікке жасырылған тыйым салынған заттар, атап айтқанда IРhone маркалы телефон, SIM карта және USB шнуры табылған.
Заң бұзушымен әңгімелесу барсында тыйым салынған заттар сотталғанға арналғаны белгілі болды.
– Жеке кәсіпкерліктің шебері А.Ивановтың реставрацияға әкелінген есікті сканерлеу арқылы тексеру барысында тыйым салынған заттар таптық, атап айтқанда полиэтилендік пакетке оралған телефон, SIM карта, сондай-ақ есікке жасырын түрде жасырылған USB шнур. Бұл есікті жөндеу және қалпына келтіру мақсатында мекеме аумағына кіргізуге тырысқан. Қазырғы уақытта азамат А.Ивановқа қатысты ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік хаттама жасалынды, – деп атап өтті мекеме қызметкерлері.