Ақмола тұрғыны синтетикалық есірткі сатып ұсталды
Ақмола тұрғыны синтетикалық есірткі сатып ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі мен Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің бірлескен арнайы операциясының нәтижесінде 3 сәуір күні Көкшетауда синтетикалық есірткіні өткізу барысында 36 жастағы азамат ұсталды.
Бұған дейін есірткі сатушы клиентке салмағы 0,07 грамм болатын a-PvP «синтетикасының» бір дозасын сатқаны анықталды. Сатып алу – сату мәмілесі айыпталушының қылмыстық әрекетінің дәлелі ретінде тіркелді.
Қала тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жедел уәкілдер өсімдік тектес заттары бар 1 қағаз ораманы және ұнтақ тәрізді консистенциясы бар 2 ораманы тауып алып, тәркіледі. Полицейлер тәркіленген заттарды сараптамаға жіберді.
Ақмола тұрғыны синтетикалық есірткіні Солтүстік Қазақстан облысының ірі елді мекендерінің бірінен сатып алып, кейін Ақмола өңірінің аумағында сатқаны алдын ала анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Одан әрі жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілетін болады.