Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жазалы балалар “Көңілді старт” жарысында жеңімпаз атанды

Алматыда жазалы балалар “Көңілді старт” жарысында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ҚАЖ департаменті №11 мекемесіндегі жазасын өтеуші жасөспірімдер мен Алматы дизайн және сән колледжінің, Алматы логистика және көлік академиясының колледжі студенттері арасында “Көңілді старт” спорт жарысы өтті.


5 тур бойынша ұйымдастырылған жарыста жазалы балалар мен студенттер қол күресі, арқан тарту, кір тасын көтеру, турникке тартылу сияқты спорттық ойындардан күш сынасты. Ойын соңында командалардың жалпы ұпайы тең түскендіктен төрешілер жеңімпаз команданы шағын футболдан жарыстырып анықтады. Тартысты өткен командалық жарыста №11 мекемесінің командасы жеңіске жетті.

Төрешілердің шешімі бойынша, бірінші орынға №11 мекемесінің командасы ие болса, 2-орынға Алматы логистика және көлік академиясының колледжі, 3-орынға Алматы дизайн және мода колледжі ие болды.


№11 мекемесі сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің карантин бөлімінің бастығы С.Бектеміров ұйымдастырған “Көңілді старт” спорт жарысының мазмұнды өтуіне Алматы дизайн және сән колледжі, Алматы логистика және көлік академиясы колледжінің тренерлері Мадияр Сейітов пен Барах Мейрамбек, Қасым Еділ белсене атсалысты.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға мекеме бастығының алғыс хаттары табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру