Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері мен еріктілер есірткі қылмысының алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істемек

Қостанай полицейлері мен еріктілер есірткі қылмысының алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істемек, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Регион 10» іздестіру жасағы нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Басқарма бастығы Асылбек Әлмағаметовтың айтуынша, мұндай бірлескен жұмыс жақсы профилактикалық нәтиже береді.

– Волонтерлік ұйыммен бірлесіп нашақорлықтың таралуына қарсы бағытталған жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілетініне сенімдімін, – деп атап өтті Асылбек Әлмағаметов.

Айта кету керек, еріктілер есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі жарнамасы бар суреттер мен жазулардың граффитиін бояу бойынша науқан өткізді. 

– Бірнеше сағат ішінде есірткі жарнамасының 100-ге жуық жазуы өшірілді. Бұл науқан ауқымды болды. Ол облыстың барлық аудан, қалаларында өтті. Облыс орталығында бұл ағымдағы жылғы төртінші акция. Қала тұрғындарының арқасында белсенді жұмыс жүргізілуде. Біздің азаматтарымыз бұл мәселеге бей – жай қарамайды, – деді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІБ инспекторы Айгүл Ераділова.

Айта кету керек, полицейлер мұндай жазулар туралы хабарлама алған кезде олар дереу шығып, оларды жояды. Полиция кезекті мәрте халықтың назарын нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес тақырыбына аударады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру