Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы ПД-ның бастығының орынбасары жеке құраммен кездесті

Ақмола облысы ПД-ның бастығының орынбасары жеке құраммен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 күн бойы Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералиннің төрағалығымен жұмыс тобы ведомствоның барлық аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті.

Жұмыс тобының құрамына Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиев, сондай-ақ өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Әшімов кірді. Өткізілетін іс-шаралардың форматы кездейсоқ таңдалмады.

Бейнеконференцбайланыс режимінде жеке құраммен бұрын түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, аппарат басшылары ведомствоның әрбір қызметкеріне Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің тапсырмаларын жеке өзі жеткізді. Кездесулерге көптеген жылдар бойы қылмыспен күрескен ішкі істер органдарының қызметкерлері де, ардагерлері де қатысқанын атап өткен жөн.

Жұмыс сапарларының соңғы кезеңі департаменттің саптық бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу болды.

– Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрі құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету үшін бұрын-соңды болмаған қадамдар жүргізіп жатыр. 30 жылдық тарихта ІІО-ның жүйесі түрлі реформалардан өтті, бірақ қазір полицейлерді әлеуметтік қорғау бірінші кезекте тұр. Құрметті әріптестер, сіздерге біздің азаматтарымыздың қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығы байланысты. Полицияның сервистік моделі шеңберінде әрбір қызметкер жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауы және азаматтардың барлық өтініштеріне уақтылы жауап беруі тиіс, – деп атап өтті Бақытжан Ералин.


Өз сөзінде Б.Ералин ІІО-ның қызметкерлеріне зейнетақымен қамсыздандыру туралы айтып берді. Кездесуге қатысушыларға нормативтік-құқықтық актілерді, анттарды орындау жөніндегі талаптар, сондай-ақ 2023 жылғы 2 қаңтардағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексінің негізгі ережелері еске салынды. Спикер өз сөзінде біздің қызметкерлеріміздің біліктілігін үнемі арттыру, мақсаттылығы мен жауапкершілігін дамыту, рухани-адамгершілік және әлеуметтік маңызды қасиеттерін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға ерекше назар аудару қажет.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы А.Әшімов қызметтік-әскери тәртіпті сақтау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру мәселелеріне тоқталды. Спикер әріптестерінің назарын сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарына аударды. 


Дәуітбек Нұрғалиев аудандардың ІІО-ның жеке құрамымен және ардагерлерімен осындай кездесулер алғаш рет өткізілгенін атап өтті. Ол лайықты демалысқа шыққаннан кейін ІІО қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету туралы айтты. Өз кезегінде ішкі істер органдарының ардагерлері қызметкерлердің жас ұрпағын тәрбиелеу мәселелерінде белсенді қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру