Ақмола облысында өндірістік алаңнан бұрғы сайманын ұрлаған азамат анықталды
Ақмола облысында өндірістік алаңнан бұрғы сайманын ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Зеренді аудандық полиция бөліміне Ақмола облысы кәсіпорындарының бірінің басшысының 22-27 ақпан аралығында белгісіз адам комбинат қоймасының аумағынан отыз бұрғы сайманын ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түскен.
Залал сомасы 388 мың 478 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады. Болған оқиғаның өзге де мән-жайлары тексеріліп жатыр.
Аталған дерек бойынша полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.