Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Успен ауданының полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады.
– 33 жастағы ер адамның Ресей Федерациясының азаматы және Соха Якутия Республикасының тұрғыны екендігі анықталды. 2022 жылы оған қатысты жалған құжаттарды жасағаны немесе өткізгені үшін Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 327-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол жылы ер адам Ресей ІІМ-нің Борзин ауданы бойынша Ресей ІІМ-нің Забайкальск өлкесі бойынша мемлекетаралық іздеуіне жарияланды. Оны ұстау туралы іздестіру бастамашысына хабарланды, – деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.