Сарыағашта тұрғынның ақшасы мен телефонын жымқырған күдікті ұсталды
Сарыағашта тұрғынның ақшасы мен телефонын жымқырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам жұмыс орнында тұрған сырт киімінің қалтасынан телефон мен ақшасы қолды болғанын хабарлады. Жәбірленушіге 260 мың теңге көлемінде шығын келген.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылар ұрлық болған шеберханаға бет алды. Жақын аймақтарды тінтіп, жіті қарап шықты. Нәтижесінде күдікке ілінген жас қыздың жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті жас қыз есігі ашық тұрған шеберханаға кірген. Содан қараусыз тұрған телефон мен ақшаны алып, оқиға орнынан «ізін суытқан». Жас қыздан қолды болған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.