Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері дүкен ұрлығын ашты

Ақмола полицейлері дүкен ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 сәуір күні Ақкөл ауданының полиция бөліміне азық-түлік дүкенінің иесі ағымдағы жылдың 21 сәуірінде дүкеннен белгісіз адамдар түсті металды ұрлады деген өтінішпен жүгінді.

Дүкеннің қосалқы бөлмесінде сөмкеде сақталған 100 келі мыс күдіктілердің олжасы болған. Келтірілген залал сомасы 280 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауланы аралау кезінде 29 және 39 жастағы екі жергілікті тұрғын анықталды. Олардың ұрлық жасауға қатысы қазіргі уақытта тексеріліп жатыр.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қараңғыда олар қосалқы бөлменің есігін бұзып дүкенге кірген. Ұрланған металл-мыс елордадағы металл қабылдау пункттерінің біріне тапсырылған. Ақмолалықтар түскен қаражатты жұмсап үлгерген.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру