Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында «Полиция тергеуі» пилоттық жобасы жүзеге асырылмақ

27 сәуір күні Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары Фархад Омаровтың төрағалығымен департамент базасында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына бейнетіркеу жүргізу кезінде тергеу әрекеттерінің қысқаша хаттамасын жасау бөлігінде түзетулер, сондай-ақ Қосшы қаласы полиция бөлімінің базасында «Полициялық тергеу» пилоттық жобасын сынақтан өткізу қаралды.

Ведомстволық бағынысты тергеу бөлімшелерінің, анықтау органдары бөлімшелерінің басшыларымен жеке құраммен бейнеконференцбайланыс арқылы, тергеу іс-қимылдарын жүргізу тәртібі талқыланды, бірқатар ұсынымдар айтылды және қылмыстық істерді жаңа форматта тергеуге қатысты түсініктемелер берілді. Дөңгелек үстел жұмысына Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы – Р.Даминов, Ақмола облысы прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры – Д.Рамазанов, Ақмола облысы ҚР Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бастығы – В.Красноусов, департаменттің тергеу басқармасының бастығы – Т.Жұманов, облыстық ПД анықтау басқармасының бастығы – Қ.Рысбаев қатысты.

«Полиция тергеуі» жобасын енгізу мақсатында құқықтық институттар зерттелді. Атап айтқанда, қылмыстық процесті оңтайландыруға және бюрократиядан шығаруға ықпал ететін қысқартылған өндіріс түрлерінің халықаралық тәжірибесі зерттелді. Мысалы, АҚШ, Германия, Сингапур, Нидерланды және Латвияның қылмыстық тергеуі зерттелді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша оның қатысушылары – департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері спикерлер айтқан ұсыныстар мен түсіндірмелерді назарға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру