Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері ерекше балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері ерекше балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№21 мекеме қызметкерлері Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үйден қызмет көрсету бөлімшесімен бірге мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына “Отан қорғаушылар күніне” орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.


Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың патриоттық сезімдерін оятып, заманауи қоғамда әлеуметтік белсенділігін арттыру мен мерекелік көңіл-күй сыйлау, сондай-ақ физикалық ерекшеліктеріне қарамастан, жан дүниесінде барлық адамдар бірдей екенін барлығына көрсету және дәлелдеу.

Соның дәлелі ретінде концертте арбаға таңылған жігіт әнге қосылып, билеп те отырды. Олардың бауырға қысып құшақтаулары бауырмал болуға тартқандай ой сыйлайды. Осындай тамаша іс-шараға қатысып, жылдар бойы демеушілік көмек көрсетіп, тығыз байланыста жүретін №21 мекемеcінің бақылаушылар қызметіне орталық әкімшілігі, ата-аналары шексіз ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру