БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінде Қазақстанның баяндамасы қаралды
ІІМ қызметкерлері Қазақстан делегациясы құрамында азаптауға қарсы қабылданып жатқан шаралар бойынша ұлттық баяндаманы қорғауға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ өкілдері Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі заңнамалық өзгерістер, қылмыстық іс материалдарын бұрмалау мүмкіндігін және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмайтын қылмыстық процесті цифрландыру жөніндегі кешенді шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
БҰҰ Комитетінің мүшелері Ішкі істер органдарының қызметтік кабинеттері және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде үздіксіз бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді.
БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті бас бостандығынан айыру орындарында өтініш беруге арналған терминалдарды орнату бойынша ІІМ жүргізіп жатқан жұмыс туралы презентацияға үлкен қызығушылық танытты.