Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД-да 70-тен астам қызметкер марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүр бойынша салтанатты іс-шараның ашылуы Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Департамент бастығының міндетін атқарушы Әділет Мұстафинов қызметкерлермен, ардагерлермен және шақырылған қонақтар алдында құттықтау сөз сөйлеп, марапаттады.

– Осы маңызды күні біз өмірлерін әскери қызметке арнап, ант берген қаһарман азаматтарға құрмет көрсетеміз. Қазіргі уақытта жауынгерлік бекетте адал қызмет атқарып жатқандарға алғысымды білдіремін. Қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған қызметкерлерімізді де атап өткім келеді. Олар туған жерін батыл қорғаған ата-бабаларымыздың жалғасы. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстанның тәуелсіздігін сенімді қорғай отырып, өздерінің рухын және жауынгерлік дағдыларын бүгінгі күні де табысты көрсетіп келеді, – деп атап өтті Әділет Хажетұлы.

Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлерінің арасында 15 тыл еңбеккері және концлагерьдің бұрынғы бір тұтқыны еңбек сіңірген демалысында. Ардагерлерге тұрақты негізде барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.

Іс-шара барысында ҚР ішкі істер министрінің, ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының және СҚО бойынша ҚАЖД басшылығының бұйрықтарымен 70-тен астам қызметкер, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің 10-ға жуық ардагері марапатталды.

ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар қызметкерлер “Мінсіз қызметі үшін” медалімен, “Кылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге байланысты ерекше көзге түскен қызметкерлерге арнаулы атақтар мерзімінен бұрын берілді.

Сонымен қатар департамент бастығының бұйрығымен 30-дан астам қызметкер мен ардагер “Қазақстан полициясына – 30 жыл” төсбелгісімен марапатталды.

Іс-шара соңында облыстық филармония әртістері патриоттық әндермен және би нөмірлерімен мерекелік концерт дайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру