Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында Өзбекстанның 13 азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып келген

Облыстың Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының аумағындағы көші-қон қызметінің мамандары рейдтік іс-шараларды өткізу барысында салынып жатқан нысанда заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 13 азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының хабарлауынша, шет мемлекеттің азаматтары еңбек қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз заңсыз жүзеге асырған.

– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Меңдіқара және Ұзынкөл аудандары соттарының шешімдерімен заң бұзушыларды Қазақстаннан шығарып жібере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға елге 5 жыл мерзімге кіру шектелген. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.

Көші-қон және жергілікті полиция қызметінің мамандары соттардың шығарып жіберу туралы шешімін орындауды өз мойнына алды. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін шығарып салды және полиция қызметкерлерінің бақылауымен олар ел шекарасынан шықты.

Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында әкімшілік және азаматтық іс жүргізу тәртібімен 40-тан астам шетелдік азамат шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру