Өз көлігі үшін бөтеннің көлігінен қосалқы бөлшектерді ұрлап кеткен ақмолалық ұсталды
Өз көлігі үшін бөтеннің көлігінен қосалқы бөлшектерді ұрлап кеткен ақмолалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласының Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, Жаңажол көшесіндегі жол бойында қалдырылған оған тиесілі бұзылып тұрған Audi-80 автокөлігінен қосалқы бөлшектердің ұрланғаны туралы арызданған.
Іздестіру іс-шаралары барысында 40 жастағы ер адам анықталды. Ол ұзақ уақыт бойы тұрған өз көлігіне ұқсас машинаны байқап, түнде екі дөңгелекті, жүксалғыштың қақпағын, артқы фараларды, рульді және эмблемасы бар алдыңғы торларды шешіп ағаны белгілі болды. Ұрланған заттардың шығыны шамамен 140 мың теңгеге бағаланып отыр.
Аталған дерек қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті автокөлік иелеріне сапалы дабыл құрылғыларын орнатуды және бейнебақылау камераларымен қорғалатын орындарға артықшылық беруді ұсынады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.