Алматы тұрғыны алаяқтық қылмысының бетін ашқан полицейлерге алғыс айтты
Алматы тұрғыны алаяқтық қылмысының бетін ашқан полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтық қылмысы белгілі болғандай, қаладағы ломбардтардың бірінің жұмысымен байланысты. Ломбард басшысы өз алғыс хатында түйінді баяндап берді.
– Құрметті Арыстанғани Жаппаров, сізге және полиция қызметкерлеріне кәсіби біліктіліктері, белсенді ұстанымдары мен қылмыстық істі тергеуге көмектескендері үшін алғысымды білдіргім келеді. Медеу аудандық полиция басқармасының тергеушісі Бақытгүл Бексұлтанова, ірі алаяқтық дерегі бойынша келіп түскен қылмыстық іс материалдарын мұқият зерделеп, өз жұмысында кәсібилік пен жеделдік танытты. Алаяқтық нәтижесінде келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгені құрады. Бексұлтанованың еңбегін елеп, алғыс білдіруіңізді сұраймын. Дәл осындай полиция қызметкерлері азаматтардың тірегі, қорғаны болып табылатынын атап өткім келеді, өйткені мұндай мысалдар полицейдің имиджін қалыптастырады, сонымен қатар халықтың полицияға деген сенімін арттырады, – деді хат авторы.