Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция қызметкерлері маралды заңсыз аулау дерегін тіркеді

Абай облысында полиция қызметкерлері маралды заңсыз аулау дерегін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының соңында Омбы – Майқапшағай тас жолының 912 шақырымында «Уылдырық» ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Өскемен қаласының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Estima автокөлініе тоқтатты.

Автокөлікті тексеру кезінде көлік құралының жүксалғышында рұқсат беру құжаттары бар 3 бірлік қару табылды. Тиісті құжаттары жоқ белгісіз жануардың мүшеленбеген еті табылды. Өскемен қаласының екі тұрғыны Зайсан қаласына аң аулауға барғаны белгілі болды.

Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны да заңсыз аң аулауға қатысы барын жоққа шығарған жоқ. Олар Зайсан қаласына барып, сол жақтан маралды атқанын растаған. Жануардың етін одан әрі тамаққа пайдаланбақ болған.

Қазіргі уақытта ет сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Баптың санкциясы үш мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру