Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД бастығы қалалық бөлімшелердің жұмысын тексерді

Іссапары аясында Ерлан Файзуллин Қостанай ПБ, Солтүстік, Оңтүстік полиция бөлімдеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші кезекте полиция бөлімшелерінде ол кезекші бөлімдердің жабдықталуын тексерді.

– Қызметкерлер, ең алдымен, дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл алгоритмін нақты білуі керек. Мұнда көп нәрсе кезекші бөлімдердің жұмысына байланысты. Жаттығу кезінде іс-әрекеттің үйлесімділігін үнемі тексеріп отыру қажет, – деді Ерлан Файзуллин.

Солтүстік және Оңтүстік полиция бөлімдерінде жеке құраммен кездесу барысында Ерлан Файзуллин кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін үлкен профилактикалық жұмыс жүргізуі керек ювеналды инспекторлардың жұмысына назар аударды.

– Жазғы демалыс уақыты келе жатыр. Бұл ата-аналар үшін де, ювеналды инспекторлар үшін де алаңдатарлық уақыт. Басты міндет – балалардың демалысы келеңсіз жағдайсыз өтуі үшін барлық жағдай жасау, – деп атап өтті ол.

Ішкі істер органдарын цифрландыруға да көп көңіл бөлінді. Мысал ретінде Ерлан Файзуллин қылмыстық істерді жүргізудің электрондық форматына көшуді келтірді.

– Тәжірибе көрсеткендей, істерді жүргізудің электрондық форматына көшу тергеуге кететін уақытты қысқартып қана қоймай, бюрократия мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты, – деп атап өтті облыстық ведомство бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру