Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының өкілдері Абай облысы полиция департаментінің басшы құрамына жетілдіру сабағын өткізді

Алматы академиясының өкілдері Абай облысы полиция департаментінің басшы құрамына жетілдіру сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мобильді академия” пилоттық жобасының аясында ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының өкілдері Абай облысы полиция департаментінде, ішкі істер органдарын басқару жүйесін жетілдіру және полиция қызметінің негізгі міндеттерін жандандыру мақсатында басшы құрам үшін сабақтар өткізді.

– Мен сол кездегі Алматы жоғары милиция мектебінің бірінші түлегі болғанымды мақтан тұтамын. Бүгін ҚР ІІМ академиясының жоғары кәсіби өкілдері жаңадан құрылған полиция департаментінің басшылары үшін “ІІМ жүйесіндегі жобалық менеджмент” тақырыбында тренингтер өткізіп жатыр, – деді біліктілікті арттырудың мобильді курстарын ашқан Абай облысының бастығы Бектөре Сұлтан 

Төрт күндік сабақ барысында ІІМ академиясының қызметкерлері Абай облысының полицейлерімен білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ оларды қоғаммен тығыз ынтымақтастыққа бағыттады.

Ішкі істер жүйесін реформалауға және “Полицияның сервистік моделін” енгізуге ҚР ІІМ басшысы ерекше назар аударады. Құқық қорғау жүйесі жұмысының бұл бағыты үлкен пайда алып келеді. Азаматтарда сенім және полицейдің оң имиджі қалыптасады, халықпен кері байланыс нығаяды.

Курс тыңдаушылары білімдерін жетілдіруге, заманауи техниканы игеруге мүмкіндік бергені үшін әріптестеріне алғыстарын білдіріп, өз пікірлерімен алмасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру