Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Корей Республикасы консулдығының өкілі іссапармен Жетісу облысының полиция департаментіне барды

Корей Республикасы консулдығының өкілі іссапармен Жетісу облысының полиция департаментіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Корей тарапының бастамасымен Талдықорған қаласында Корей Республикасы (Оңтүстік Корея) бас консулдықтың вице-консулы Ким Сун А және Жетісу облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновтың қатысуымен кездесу өтті.

Еркін сындарлы диалог түрінде өткен шарада тараптар аймақтағы корей диаспорасына қатысты мәселелерді талқылады. Облыста 30 мыңнан астам адам корей диаспорасының өкілі болып табылады. Оның ішінде 14 адам Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Корея Республикасының азаматтары.

– Қазақстан – көпұлтты ел. Әр түрлі ұлттардың миллиондаған өкілдері үшін бұл олардың туған үйі. Біртұтас отбасы болып өмір сүре отырып, біз әрбір адамның әл-ауқаты мен қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етуіміз керек. Кез келген мемлекеттің күші мен қуаты – халықтың бірлігінде, – деді Жасұлан Бәйкенов.

Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық, өзекті мәселелерді түсіндіру және талқылау туралы келісімге келді. Жоғары мәртебелі мейман Қазақстан Республикасы полициясының екі ел азаматтарының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған игілікті жұмысы үшін де ризашылығын білдірді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру