Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлан Файзуллин Қостанай аудандық ПБ-ға іссапармен барды

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин Қостанай аудандық полиция бөліміне барған кезде халықтың сенім деңгейін арттыруды басты назарға алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың аймақ бойынша полицияға деген сенім деңгейі айтарлықтай жоғары. Қараша айында жасалған әлеуметтік сауалнама деректері бойынша ол 92,3%-ды құрады.

- Полицияның қызметі жағдайды нақты жақсартуға бағытталуы тиіс. Ол үшін негативті себептерді анықтап, оларды жою қажет, - деді облыстық ведомство бастығы.

"Қадамдық қолжетімділік полициясы" қағидатын іске асыру осы бағытта "SOS" түймелерін, "102" мобильді қосымшасын, модульдік бекеттерді орнату және шағын аудандарда учаскелік пункттерді ашу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Ерлан Файзуллин қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасына назар аударды.

- Бұл ең маңызды стратегиялық құжат. Онда қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру стратегиясы бекітілетін болады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғауға, қауіпсіз өмір сүру үшін жағдай жасауға маңызды рөл бөлінетін болады, - деп қорытындылады Ерлан Файзуллин.

Қостанай ауданына сапар ұсталғандарға арналған әкімшілік блоктың, атты әскер батальонының және орталық кинологиялық қызметтің жарақтандырылуын тексерумен жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру