Ақмола облысында мас күйде екінші қабаттан құлаған тұрғын қаза тапты
Ақмола облысында мас күйде екінші қабаттан құлаған тұрғын қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәжірибе көрсеткендей, аса ауыр қылмыстардың көпшілігі мас күйінде немесе алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде жасалады. Осыған байланысты Ақмола полицейлері маскүнемдік пен алкогольді асыра пайдалануды алдын алу, сондай-ақ мас күйінде жасалатын қылмыстардың өсуіне жол бермеу мақсатымен 2023 жылдың басынан бастап 500-ден астам маскүнем есепке алынды.
Адамдармен мас күйде жазатайым оқиғалар болады. Көбінесе оларды өмірінен айырады. Мәселен, 4 маусым күні сағат 18:55-те Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпсалалы облыстық аурухананың дәрігерінен ҰБЖ, мидың субдуральды гематомасы диагнозымен Красный Яр ауылының 40 жастағы тұрғыны реанимация бөлімшесінде қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 3 маусым күні сағат 18:00-де қаза тапқан адам мас күйінде Ақбидай көшесіндегі көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлаған. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Алкоголь дененің реакциясын әлсіретіп қана қоймай, адамның мінезін де өзгертеді. Көбінесе мас адамдар төбелеседі немесе одан да жаманы, оның бүкіл өмірін бұзатын қылмыс жасайды.
Оң тәжірибе ретінде учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде ішетін тұрғын үй-жайларға бақылау істерін жүргізеді.
Полицейлердің айтуынша, тек жазалау шараларын есепке алынғандарға қолдану мүмкін емес. Сондықтан жағдайды жақсарту үшін маскүнемдермен және тұрмыстық негізде құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен профилактикалық, әлеуметтік, адамгершілік және оңалту жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп жатыр.