Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда масаң күйде жанжал шығарған тұрғын жауапқа тартылды

Павлодарда масаң күйде жанжал шығарған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамыр сағат 19:06-да қала тұрғыны қызының алкогольдік күйде жанжал шығарып жатқандығы туралы айтып полицияға жүгінді. Учаскелік полиция инспекторы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Айта кету керек, бұған дейін 23 мамырда қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылған болатын.

– Сот қаулысымен құқық бұзушы 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ осы азаматқа қатысты учаскелік полиция қызметкерлері мәжбүрлеп емдеуге материалдар жинады. Жүргізілген медициналық комиссияның нәтижелері бойынша қала тұрғыны мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Қазіргі уақытта медициналық мекемеге ерікті түрде 45 күн емделуге орналастырылды, – деді Павлодар қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 1279 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер құқық бұзушыларға қатысты 431 қорғау ұйғарымын шығарды. Соттар құқықтық тәртіп сақшыларының ұсынуы бойынша мінез-құлыққа 180 ерекше талап қойды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін үнсіз қалдыру, бұл одан да ауыр қылмыстарға әкелуі мүмкін.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласып, оқиға туралы хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру