Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері донор болды

Полиция департаментінде «Донор күні» науқаны өтті. Оған ШҚО ПД аппаратының 50-ден астам қызметкері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертеңнен бастап акт залының жанында қан компоненттерін құюға мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын тәртіп сақшылары кезекке тұрды.

Жылдан-жылға қан тапсырғысы келетіндердің саны өсіп келеді. Бұл жолы бірі алғаш рет қан тапсырса, кейбіреулері медициналық қызметкерлермен жақсы таныс, бірақ олардың барлығын бір мақсат қана біріктіреді – адамдарға көмектесу ниеті.

Қызмет борышы бойынша құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдарға басқаларға қарағанда жиі кездеседі және қан құю өмірді сақтау үшін өте маңызды екендігін біледі.

– Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті аппаратының қызметкерлері игі дәстүрді жалғастыра отырып, донор болды. Мұндай іс-шарадан қалыс қалғымыз келмейді, себебі адамдарға көмектесу – біздің тікелей міндетіміз, – деді кадр саясаты басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев.

Дәрігерлер полицейлерді мінсіз донор екендігін бірнеше рет атап өтті. Себебі олар денсаулығына жіті көңіл бөліп, медициналық тексерулерден үнемі өтіп тұратындарын алға тартты.

– Біз департаменттің барлық донорларына, шын жүректен алғыс айтамыз! Барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, жоғары гемоглобин және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Жақсы үлгі көрсеткендері үшін рақмет! Біздің донорларымызға амандық пен табыс тілейміз!, – деді медицина орталығының маманы Мира Мустафина.

Науқан маусым айының соңына дейін жалғасады. Оған Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің тәртіп сақшылары да қатысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру