Ақмолалық полицейлер кіреберістен электр қалқанын ұрлап кеткен күдіктіні анықтады
Ақмолалық полицейлер кіреберістен электр қалқанын ұрлап кеткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусым күні сағат 00:35-те Көкшетау қаласының полиция басқармасына ұрлық дерегі туралы хабарлаған жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, көп қабатты үйдің кіреберісінен белгісіз адам электр қалқанын ұрлап кеткен. Залал сомасы 332 мың теңгені құрады.
Жедел-тергеу іс-шаралар барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады. Мәліметтер тексеріліп жатыр. Өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті кіреберіс пәтерлерінің бірінде жөндеумен айналысқаны туралы белгілі болды.
Полиция басқармасы аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.