Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналықты 3 млн теңгеге алдап кеткен Қарағанды облысының тұрғыны құрықталды

Астаналықты 3 млн теңгеге алдап кеткен Қарағанды облысының тұрғыны құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашқан. Аршалы полиция бөліміне Астана қаласының тұрғыны алаяқтық дерегі туралы өтініш білдірді. Ер адамның хабарлауы бойынша өзіне тиесілі FIRMAN дизель станциясын, кездейсоқ танысы алдау арқылы иемденгенін хабарлады. Залал сомасы 3 млн теңгені құрады.

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, дизель станциясын жалға беру мақсатында ол әлеуметтік желілерде телефон нөмірімен хабарландыру берген, сол арқылы оған күдікті хабарласқан.
Ер адам жәбірленушіге өзіне тиесілі құрылыс объектісінің аумағында кездесу ұйымдастырды және оны дизель станциясы осы нысанда жұмыс істейтініне сендірді. Өтініш берушіге алдын ала төлем жасағаннан кейін, күдікті телефонды ажыратып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Аршалы АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қарағанды қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.

Департаменттің полиция басқармасында бұл деректі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру