Жамбылдық полицейлер көліктерді заңсыз қайта жабдықтаумен күресіп жатыр
7 маусым мен 5 шілде аралығында ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп жанар-жағармайдың республикадан тыс жерлерге шығарылуына жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шараларын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рұқсатсыз қосымша жанармай цистерналарын орнату арқылы көліктерді пайдалану ережелерін бұзу фактілерін анықтауға полиция қызметкерлері ерекше назар аударуда.
Аталған құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігімен (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару) әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Рейдтік іс-шаралар басталғаннан бері полицейлер рұқсатсыз орнатылған қосымша отын бактарымен жабдықталған 20-ға жуық автокөлікті анықтады. Осы бұзушылық үшін 51 750 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Заңсыз түрлендірілген автокөліктер бұзушылықтары жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылады.