Алматылық полицей көркемөнерпаздар байқауының жеңімпазы атанды
«Міндет. Абырой. Ерлік» республикалық шығармашылық байқауында Алматы қалалық ПД жедел басқару орталығының инспекторы Алмас Күнтаев екінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-де Қазақстан полициясы күні қарсаңында «Міндет. Абырой. Ерлік» республикалық көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.
Оған 50-ге жуық шығармашылық топтар мен жеке орындаушылар қатысты.
Байқаудың басты тақырыбы Қазақстан халқының бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар болды.
Қазылар алқасы қатысушыларды бірнеше санат бойынша бағалады: әртістік шеберлік, сахнада тұру қабілеті және қойылымның эмоционалдық құрамдас бөлігі.
Алмас Күнтаев «Эстрадалық ән айту. Соло» номинациясында ерекшеленді.
– Мен мұндай ауқымдағы шараларға төртінші рет қатысып отырмын. Осыдан бірнеше жыл бұрын Тараз қаласында бірінші орын алған болатынмын. Ішкі істер органдарында 2018 жылдан бері қызмет етіп келемін. Мен бұрын-соңды әншілік, музыкалық білім алған емеспін, өзімнің жақсы дауысым мен қабілетім бар екенін отбасылық ортада ескі әнді айтып жүргенде кездейсоқ байқадым. Шынымды айтсам, бұл мен үшін нағыз жаңалық болды, – дейді Алмас Күнтаев.
Байқаудың басқа лауреаттары сияқты Алмас Күнтаевқа диплом мен естелік сыйлық табыс етілді.