Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілер анықталды

Алматыда 130-дан астам тұрғынның көліктері төленбеген қарыздары үшін айыппұл тұрағына қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, бұл күндері Алматыда айыппұл төлемегендерге қатысты республикалық іс-шара жүргізілуде.

«Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын, жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру мақсатында Алматы полициясы «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

– Іс-шараға МКД қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сот орындаушылары тартылды. Автокөліктер қарқынды жүретін орындарға патрульдік полицияның көліктері жұмылдырылған. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері де кеңінен қолданылады, оның ішінде «Қорғау – Қауіпті жүргізуші», ол салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде анықтайды, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Тәртіп бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады.

– Тек біздің ауданда іс-шара жұмыстары басталғалы бері көлік иелерінің алимент, айыппұл, салық бойынша қарыздары бар 26 автокөлік ұсталып, мамандандырылған автотұраққа орналастырылды. Олардың көпшілігі қарыздарын өтеді. Айтпақшы, қаланың периметрі бойынша экологиялық бекеттерде біздің бөлімше, МКД және ЖСО қызметкерлерінен мобильді топтар орналастырылған. Бұл максималды көлік қозғалысын қамтуға және көлікте қарыздың бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді, – деді Алатау аудандық ПБ ӘПБ-нің әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Ернұр Ортаев.

Әкімшілік тәжірибе бөлімінің мәліметінше, іс-шара басталғалы 131 көлік ұсталды және айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген 8 көлік құралы, жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарған 61 адам, сондай-ақ мұндай құқықтан айырылған 5 адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру