Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Ұлттық ұланмен бірлесіп, облыс прокуратурасымен іс-қимыл жасасуда қатысушылар өңірде бірқатар қылмыс жасаған қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында арасында криминалдық жанжал туындаған бірқатар жергілікті тұрғындар мен келушілер ұсталды. Нәтижесінде полицияға 20 ұсталған адам жеткізілді, олардан заттай дәлелдемелер ретінде: 2 Макаров тапаншасы, 2 травматикалық тапанша, 1 мылтық, 1 тегіс ұңғылы мылтық, 1 жарық-шу гранатасы және 23 түрлі калибрлі патрон тәркіленген. Сондай-ақ, 3 бірлік автокөлік тәркіленді.

Содан кейін, Катонқарағай ауданының аумағында кәсіпкерді аса ірі мөлшерде бопсалаған осы қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды. Аталған дерек бойынша 8 адам ұсталып, оның 4-уі қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін деген қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік туды.

Қылмыстық жанжалдың себебін және осы істің басқа да мән-жайларын ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру