Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында шетел азаматы шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жауапқа тартылды

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында 19 маусымнан бастап Ақмола облысының аумағында «Заңсыз келуші – 2023» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Оның шеңберінде 300-ден астам жеке құрам жұмылдырылды. Іс-шара 25 маусымға дейін жалғасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлерімен ЖААІШ-ның бірінші күні 104 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша шетелдік азаматтарға қатысты 71 хаттама жасалды, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 26 қабылдаушы жазаланды.

Бұдан басқа, ҚР заңнамасын бұза отырып, еңбекші көшіп келушілерді тартқаны үшін жұмыс берушілерге қатысты 7 хаттама жасалды. Сот 1 шетел азаматын шығарып жіберу туралы шешім қабылдады, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мәселен, 19 маусым күні жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Көкшетау қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынғанын біле отырып, өткізу пункттерінен тыс мемлекеттік шекарадан өткен шетелдік азаматты анықтады.

Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда және облыс полиция департаментінің тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру