Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шарасы өткізілді
Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде жеке құрам арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дөңгелек үстелге қатысқан Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі Ануар Омаров адалдық, парасаттылық және адамгершілік төңірегінде сөз бастап, әр адам өзін құрметтесе, еліне адал қызмет етсе ғана жемқорлық дертінің толық жойылуына қол жеткізуге болатынын айтты.
Департамент өкілі мекемедегі жаппай бейнебақылау жүйесінің жұмыс барысын тексеріп, камераларды бақылау пунктінің бақылаушысы қызмет барысына бағалау жүргізді.
– Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату қажеттілігін ұстанып келеді. Қызметтік тәртіп мәселелері біздің ведомствода басты орынға ие және тәртіп бұзушыларға қатысты түбегейлі саясат нәтиже беріп келеді, – деп сөзін аяқтап, мекеме бастығы кадр саясаты бөлім бастығына тәртіпті үнемі нығайтуға бағытталған жұмысты тұрақты түрде жалғастыруға тапсырма берді.