Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі сотталған 6 рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін түзеу мекемесіне жіберілді

Қызылордада пробация есебіндегі сотталған азамат алты рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін түзеу мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 20 ақпан, 2023 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған М.есімді азамат жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін 10 мамыр күні Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, М. есімді сотталған есепке алынғаннан кейін бар-жоғы екі ай уақыттың ішінде оған бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланғанына қарамастан, қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын 6 әкімшілік құқық бұзушылық жасауға жол берген. 2 маусымда сотталғанның жазасын ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Осыған орай, М.есімді сотталған бас бостандығын шектеу жазасының қалған өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген. Қаулы заңды күшіне 20 маусымда енген.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау – әр сотталғанның міндеті. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру