Астанада тәртіп сақшылары қан тапсырды
Астанада тәртіп сақшылары қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күні қарсаңында елордалық полицейлер қан тапсырды. Айта кету керек, елордалық полиция мен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы көп жылдық өзара іс-қимылды тығыз байланыстырады. Полицейлер үнемі донор болып, барлық азаматтарды бөтеннің қайғылы сәтіне бей-жай қарамауға шақырады.
Қан тапсыруға Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев да барды.
– Қан тапсыру арқылы біз азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі міндеттерімізді де жүзеге асырамыз. Өйткені, жазатайым болған жағдайларда, жол-көлік оқиғалары, күрделі операциялар кезінде, сондай-ақ ауыр науқастар үшін зардап шеккендерге күн сайын қан қажет, – деді елордалық полиция басшысы.
Қан тапсыруға қатысуға тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер, учаскелік полиция қызметкерлері белсене қатысты. Полицей-донорлардың қатары жыл сайын артып келеді. Іс-шараға қатысқан полиция қызметкерлері, әрі қарай қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызметке кірісті.
Дәрігерлер полицейлерге олардың жанашырлығы, немқұрайлы қарамайтындығы және пайдалы істі қолдағандары үшін өз ризашылықтарын білдіріп, еріктілер қатарында полиция қызметкерлерін көргеніне қуанышты екенін айтты. Өйткені, тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтеді, жақсы физикалық дайындыққа ие.