Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері кинология орталығына барды

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері кинология орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ковчег балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған іс-шараны ҚР ІІМ кинологиялық орталығының қызметкерлері Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған нашақорлыққа қарсы айлық аясында өткізді.

Балалар үшін полиция кинологтары жануарларымен бірге жалпы дайындық барысы, қарулы қылмыскерді ұстау, есірткіні іздеу бойынша көрсетілімдер көрсетті.Балалар – неміс және бельгиялық овчарка күшіктерімен ойнауға, полицияда қызмет ететін қызметтік иттердің тұқымдарымен танысуға, олардың әдеттері мен қылмысқа қарсы күресте қолдану мүмкіндіктерін білді.

Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында балалар арасында арқан тартыс, үстел теннисі, футбол бойынша спорттық жарыстар өткізілді, олар өздерінің дене дайындығы мен жеңуге деген ерік-жігер деңгейін көрсете алды. Жеңімпаздар медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру