Алаяқтар астаналық әйелдің 55 мың АҚШ долларын қолды қылған
Алаяқтар астаналық әйелдің 55 мың АҚШ долларын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны полицияға алаяқтықтың құрбаны болғандығын білгеннен соң арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар одан 55 мың АҚШ доллары көлемінде ақшасын алдап алып кеткен. Алдымен оған қоңырау шалып, қызының полицияда екенін және мәселені шешу үшін шұғыл түрде ақша жіберу керек екенін хабарлайды.
63 жастағы әйелге кешкі сағат 21:00 шамасында бір қыз үй телефонына қоңырау шалып, өзінің қызына ұқсас дауыспен жылап тұрып, жолдан белгісіз жерде өтіп бара жатқанда оның қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлайды және ақша қажеттігін айтқан. Содан кейін ер адам телефонды алып, өзін полиция қызметкері деп таныстырып, қазір оған ақша беріп жіберу үшін жүргізуші келетінін айтқан. Әңгіме аяқталғаннан кейін әйел барлық ақшаны асығыс жинап, содан кейін оны келген адамға берген.
Кейін жәбірленуші қызының жақсы екенін біліп полицияға жүгінген.
Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы-бар жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті тұрғындардан алаяқтық әрекеттерден сақ болуға, дүрбелеңге берілмеуге және бейтаныс адамдарға ақша бермеу туралы ескертеді. Қарт туыстарына осындай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы түсіндіруді сұрайды. Егер сіз заңсыз әрекеттердің құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарлау қажет.