Қарағанды тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған
Қарағанды тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы барысында қала көшелерінің бірінен 52 жастағы азаматты ұстады. Ол өз үйінде қарасора өсіріп жатқандығы туралы мойындады.
Ұсталған азаматтың мекен жайынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді баптайтын фитозертхананы анықтады.
Тәртіп сақшылары оқиға орнынан канабис тұқымын, 28 шыны ыдысқа отырғызылған өсімдік бұтасын, канабисті ұрықтандыратын заты бар 40 ампуланы және ультракүлгін шамдар тәріледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, 28 шыны ыдыстағы өсімдіктердің қарасора екені анықталды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.