Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер зейнеткерлерді 4,5 млн теңгеге сан соқтырған алаяқтардың бірін ұстады

Көкшетау қаласының полицейлері кезекшілік атқару барысында алаяқтыққа қатысы бар азаматтың бірін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті алданған зейнеткерлердің 4 млн 510 мың теңге иемденді.

28 маусым күні Көкшетау қаласында полицейлер 87 және 62 жастағы екі жергілікті тұрғынға қатысты телефон арқылы алаяқтықтың кезекті деректерін тіркеді.
Жәбірленушілердің айғақтары ұқсас болған. Бұл күні белгісіз біреулер қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, балалардың жол-көлік оқиғаларына тап болғанын және жәбірленушілерге көмек көрсету үшін ақша қажет екенін хабарлады.

Алаяқтардың нұсқауларына сүйене отырып, 87 жастағы зейнеткер курьерге 1,1 млн теңге, екінші кейуана 3 млн 410 мың теңге берген. Алаяқтық туралы білмей, жәбірленушілер қажетті соманы қылмыстық схемаға қатысушылардың біріне берген. Содан кейін ғана өз балаларына қоңырау шалып, олардың ешқандай апатқа ұшырамағандығы туралы білген.

Екі дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сол күні криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде қаражатты алып, тікелей қылмысқа қатысушылардың бірін ұстауға мүмкіндік туды.

Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғынының айғақтарына сенетін болсақ, ол Telegram арнасынан курьер болып жұмыс тапқан. Ол алаяқтық туралы бірден білген, бірақ заңсыз кәсіптен бас тартпағаны белгілі болды. “Жұмыс беруші” оған табыстың 10%-ын уәде етіп, қалған соманы көрсетілген шоттар бойынша аударған.

Ұсталған азаматты полицияға жеткізу кезінде одан ұнтақ зат салынған полиэтилен пакет тәркіленді. Болжам бойынша, ол – мефедрон синтетикалық препараты.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тексерілетін болады.
Полицейлер азаматтардан мұндай қоңыраулар түскен кезде ешқандай жағдайда қолма-қол ақша бермеуді сұрайды.

Сіздің туысқаныңызды немесе танысыңызды полиция ұстап алды деген қоңырау немесе хабарлама келіп түссе және оны қамаудан шығарғаны үшін кепіл, айыппұл немесе пара беру керек болса, дереу көмекке мұқтаж адамға хабарласыңыз, сонымен қатар полицияға қоңырау туралы дереу хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру