Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан бері Ресейде сотталуы тиіс екі күдіктіні ұстады

СҚО полицейлері жыл басынан бері Ресейде сотталуы тиіс екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрші елдердің полицейлері шекаралас және мемлекетаралық ынтымақтастық аясында тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Әсіресе, тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестіру бойынша жедел ақпарат алмасады.

Жыл басынан бері солтүстікқзақстандық полиция қызметкерлері көршілес елдердің сұрауы бойынша қылмыс жасауда күдікті 20 адамды анықтады. Негізінен, ресейлік әріптестермен ынтымақтастық жүргізілуде. Кезекті жүргізілген жұмыстардың бірінде Армения аумағында алаяқтық жасауға қатысы бар күдікті анықталды. Айта кету қажет, алаяқтық деректері ұрлық, жол-көлік оқиғаларымен бірге көрші елдердің сақшылары жіберетін сұрауларға жиі негіз болады.

– Бұдан бөлек, күзетпен қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы таңдалған тағы екі адам ұсталды. Олардың біреуі Өзбекстанға экстрадицияланды. Ол қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған. Екінші адамды сот үкімі күтіп тұр, ол Ресей Федерациясының Омбы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілген. Сондай-ақ ресейлік әріптестермен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде Ханты-Мансийск автономды округінің және Санкт-Петербург қаласының аумағында 59 және 49 жастағы СҚО тұрғындары ұсталды. Біріншісін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Мағжан Жұмабаев ауданының полицейлері, екіншісін ауыр ұрлық жасағаны үшін петропавл полицейлері іздестірді. Мемлекеттердің ішкі істер органдарының тығыз қарым-қатынасы полиция жұмысының тиімділігін арттырады және жасалған қылмыстар үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыруға ықпал етеді, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру