Ақтөбе облысында тұрғынның үйінен теледидарды қолды еткен күдікті анықталды
Ақтөбе облысында тұрғынның үйінен теледидарды қолды еткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғын үйлерден азаматтардың мүлкін ұрлаудың алдын алу мен қылмысты ашу ішкі істер органдарының алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі. Азаматтардың жеке мүлкін ұрлаған адамдар өзгенің пәтеріне заңсыз кіру дағдылары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады. Тұрғын үйге кіру үшін қылмыскерлер әртүрлі әдістерді қолданады: есіктерді сындырады, терезелер, балкондар арқылы енеді, құлыптардың кілттерін таңдайды жәні басқа да әрекеттерді жасайды.
Мысалы, 1 шілдеде белгісіз адам Хромтау қаласының 35 жастағы тұрғынының үйіне терезені сындырып кіріп, Samsung теледидар мен дәнекерлеу аппаратын жасырын ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері осы факті бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді. Нәтижесінде 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Полиция департаменті сенімді есіктерді, құлыптарды және дабыл жүйелерін орнату арқылы сақтық шараларын қолдануды ұсынады. Әрқашан үйден шыққанда, тіпті қысқа уақытқа болса да, есіктерді құлыптаңыз.