Ақмолалық полицейлер толғағы қысқан әйелге көмектесті
Ақмолалық полицейлер толғағы қысқан әйелге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 шілде күні сағат 00:14 шамасында полиция қызметкерлері – Тенгиз Оразин мен Тимур Баубеков құрамындағы “Тұлпар-14” экипажына жол қозғалысын қадағалау кезінде Атбасар – Көкшетау автожолының 43-ші шақырымында Lada Vesta автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі жүгінді. Жүргізуші тәртіп сақшыларына көліктің салонында досының әйелі босанайын деп жатқанын айтқан. Жүкті әйел кешке қарай ауыра бастағасын, шұғыл түрде Көкшетау қаласының перзентханасына асыққан.
Көлік жүргізушісі полицейлерден оны қандай да бір жолмен алып жүруге көмек сұраған. Өйткені ол жүкті әйелді перзентханаға тез жеткізу үшін жолдағы қозғалыс жылдамдығынан асып кетуі керек болды. “Тұлпар-14″ экипажының полиция қызметкерлері жүргізушіге көмекке еш ойланбастан келген. Жарқылдайтын маяктар мен арнайы дыбыстық сигналдарды қосып, болған жағдай туралы кезекші бөлімге хабарлай отырып, полицейлер автокөлікті межелі жерге дейін соңынан ілесіп жүрген. 20 минуттан кейін Көкшетау қаласына жетпей, оларды жедел жәрдем бригадасы қарсы алып, тәртіп сақшылары жүкті әйелді мамандарға аман-есен тапсырған.
Жүргізуші қиын жағдайда үлкен көмек көрсеткен полицейлерге алғысын білдірді.
Кейінірек белгілі болғандай, әйел жедел жәрдемде босанған. Босанған әйелмен бәрі жақсы. Ол қызды болды.
Айта кету керек, бұл жағдай полицейлерде бірінші рет емес. Олар бұған дейін бірнеше рет босанған әйелдермен бірге автомобиль соңынан ілесіп жүрген. Жүргізуші тәртіп сақшыларына адал еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтты.