Ақмола полицейлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО-ға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр
Ақмола полицейлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол апатына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мотоцикл мінген жасөспірім 14 жастағы қызды қағып кеткендігі белгілі болды.
Полицейлер тағы да ата-аналарға өздерінің кәмелетке толмаған балаларының осындай ауыр зардаптарға ұшырап қалмауы үшін, кез-келген көлік құралын басқаруға жол бермеу туралы өтініш жасайды.
9 шілде күні сағат 00:25 шамасында Қорғалжын АПБ-ның кезекші бөліміне Қараегин ауылында Қыстаубайұлы көшесі бойында жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ADAL мотоциклін басқарған 17 жастағы жасөспірім 14 жастағы Қараегин ауылының тұрғынын соғып кеткендігі анықталды.
Жол апатынан Астана қаласының №1 ауруханасына БМЖЖ, БМШ, беттің, арқаның, екі қолдың және төменгі аяқтың көгерген диагнозы қойылған мотоцикл жүргізушісі және көптеген жарақат, БМЖЖ, БМЖ, мидың ошақты жарақаты диагнозы қойылған жаяу жүргінші жеткізілді.
Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Сараптама тағайындалды.