Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны заңсыз қару сақтаған

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны заңсыз қару сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД жедел қызмет уәкілдеріне Катонқарағай ауданының 52 жастағы тұрғыны өзінің шалғай учаскесінде тіркелмеген қаруды сақтайды деген ақпарат келіп түскен. Өтінішті алған бойда дереу тексеруге кіріскен тәртіп сақшылары ер адамнан 16 калибрлі тегіс ұңғылы, қос ұңғылы мылтықты тауып, тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жеке тұлғаларға қару тәркілеумен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру