Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғынынан тапанша-пулемет табылды

Павлодар облысының тұрғынынан тапанша-пулемет табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысы полиция департаментінің ҰҚҚКБ қызметкерлері Павлодар облысы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Майқайың кентінің 33 жастағы тұрғынын ұстады. Одан УДЗ пулеметі, сондай-ақ 9 мм калибрлі екі патрон тәркіленді.

– Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, – деді Павлодар облыстық ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабына сәйкес, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстарымен жазалануға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру